«ХАЛАЛ ДАМУ» «ҰЛТТЫҚ АККРЕДИТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ» САРАПТАМАСЫНАН ӨТУДЕ

07 тамыз 2024 1167 0
Оқу режимі

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау мекемесі сәйкестікті бағалау саласындағы Қазақстан Республикасы сауда және интеграция министрлігіне қарасты Ұлттық аккредиттеу орталығының сараптамасынан өтуде.

ҰАО сертификаттау органдарын аккредиттеу департаментінің бағалаушысы, аккредиттеу тобының басшысы Бағлан Құттыбаев және «Халал Даму» мекемесінің директоры Айбек Асқарбекұлының қатысуымен аккредиттеу жұмыстарының алғашқы күні екі жақтың мамандарының басқосу жиынымен басталды.

«Халал бойынша аккредиттеу – Қазақстандағы сапаны бағалау жүйесіндегі жаңа бағыттардың бірі. Бұл өнімнің немесе қызметтің жан-жақты зерттелгеніне және халал талаптарына сәйкес келетініне мемлекет тарапынан берілген кепілдік. Осы арқылы халал саласындағы жаңа бағыттарды дамыта отырып, мамандар біліктілігін арттыру, сертификаттаудың жаңа схемаларын енгізу, ел аумағында халал саласын жүйелеу секілді мүмкіндіктерге жол ашылады», – дейді Айбек Асқарбекұлы.

Айта кетейік, аккредиттеу жұмыстары сертификатталған кәсіпорындарда аудит жүргізу, мекеменің ішкі құжат жүргізу процессімен танысу, мамандар білімін бағалалу секілді бірнеше кезеңдерден тұратындықтан аккредиттеу нәтижесі алдағы уақытта хабарланады.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру