«Ғылмани» мешітінде 100 отбасына қайырымдылық көмек көрсетілді (ФОТО)

09 мамыр 2019 10472 0
Оқу режимі

Алла Тағала өзінің жолында мұқтаж жандарға қол ұшын беретін жомарт пенделерін айрықша жақсы көреді дейді дінімізде. Дархандық, жомарттық, қайырымдылық қазақ халқының бойына сіңген қасиет.

Осы орайда, Нұр-Сұлтан қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті тарапынан көмекке мұқтаж отбасыларға қайырымдылық ретінде бастау алған «Жақсылыққа жарысайық» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Қасиетті Рамазан айының 4-ші күні мешітке келіп өтініш берген  көп балалы аналар, асыраушысынан айрылған жалғызбасты жандар және мүгедек  т.б әлеуметтік жағдайы төмен 100 жанұяға «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Нұрлан Рамазановтың ұйымдастыруымен және демеуші азаматтардың қолдауымен  отбасылық азық-түлік пакеті үлестірілді. Әрбір отбасына (ұн, күріш, май, қант, макарон, шекер т.б.) табысталды.

Естеріңізге сала кетейік, құлшылық ордасындағы қайырымдылық шаралары ораза басталған күні «Мұқтаждың мұңын бөліс!» атты акциясы аясында бастау алып, 20 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілген болатын. Сондай-ақ, Бас имам Нұрлан Бекболатұлы «Жақсылыққа жарысайық» атты қайырымдылық акциясы Рамазан айы бойы жалғасатындығын және қайырымды да жомарт жандардың аталған шараға атсалысуыға шақыратынын жеткізді.

Дереккөз: «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі.

Пікірлер Кіру