Есірткіге қатысты сотталған өзбек имамы ақталып шықты

17 қыркүйек 2018 6875 0
Оқу режимі

Өзбекстан мемлекетінің Жоғары Соты осыдан екі жыл бұрын есірткі саудасына қатысты деген айыппен 13 жылға бас бостандығынан айырылған имам Хикматулла Юсуповты кінәсіз деп таныды. «Озодлик» арнасы хабарлағандай, дін қызметкерін тура сот залынан босатқан.

Айта кетейік, Хикматулла Юсуповқа 2016 жылдың қаңтар айында есірткі сақатады деген айып тағылған болатын. Ал, 2017 жылдың ақпан айында Ташкент қалалық соты шығарылған шешімді өзгеріссіз қалдырыған еді.

Ал, биылғы жылдың ақпан айында қылмыстық істі Жоғары сот қарап, барлық дәлелдер мен айғақтар қайта қарастырылды. Әскери прокуратура бұл іске бірқатар арнайы қызмет жұмысшыларының қатысы бар екенін айтып отыр.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру