Ершат Ағыбайұлы «Нұр Астана» мешітінде жұма уағызын жүргізді (ФОТО+ВИДЕО)

06 наурыз 2020 6191 0
Оқу режимі

Бүгін «Нұр Астана» мешітінде ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы Оңғаров «Исламдағы әйел мәртебесі» тақырыбында жұма уағызын жүргізді.

Отбасы ұлттың ұйытқысы болса, әйел – отбасының құты. Шағын мемлекет – отбасының берекесі артып, түтіні түзу шығуы үшін ер мен әйелдің өз міндеттерін дұрыс, орнымен атқара білуі өте маңызды.

Наиб мүфти Ершат Оңғаров әйел адамның міндеті мен мәртебесі жайында жұмаға жиналған қауымға кеңінен тарқатып, түсіндірді:

«Ер адам мен әйел заты өздеріне тән табиғатындағы ерекшеліктерін ескергенде ғана екеуі бір-бірін толықтыра түседі. Қазақ «екі жарты бір бүтін» деген. Әйел денедегі жүрек болса, еркек сол денедегі ақыл іспетті. Жүрек ақылсыз, ақыл жүрексіз ғұмыр сүре алмайды. Жүректі ақылдан жоғары, яки ақылды жүректен артық деп айту мүмкін емес. Екеуі өз міндеттерін атқарған кезде ғана дене дұрыс қызметін жалғастыра алады. Қасиетті Құран Кәрімде

«Әйелдердің күйеулері алдында міндеттері болғанындай, ер азаматтардың да әйелдерінің алдында заңды міндеттері бар». Бұл жердегі міндет – ер адамның жанұя нәпақасын табу, әйелге көркем мінезбен қарым-қатынас жасау, зиян келтірмеу».

Намаз соңында еліміздің тыныштығы мен амандығы үшін дұға жасалды.


 

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру