«ЕРІН СЫЙЛАҒАН – ЕСІКТЕ ҚАЛМАС»: ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫНА СЕМИНАР ӨТТІ (ФОТО)

25 қыркүйек 2023 2463 0
Оқу режимі

Астана қаласындағы «Әл-Фаттах» мешітінің ұйытқы болуымен әйел жамағатына арналған «Ерін сыйлаған – есікте қалмас» атты семинар өтті. «Әзірет Сұлтан» және "Әл-Фаттаһ" мешітінің ұстазы Зарина Шамидуллақызының жетекшілігімен өткен семинарға қала мешіттерінің шәкірттері мен белсенді әйел жамағаты қатысты. Сондай-ақ, семинар жұмысына белгілі психолог Гүлнұр Темірбекқызы да шақырылып, қатысушыларға жанұядағы әр мен әйелдің рөлі жайында тұшымды насихат айтылды.

Мешіт бас имамы Бағдат Абдукаримовтың қолдауымен семинар соңында әйел жамағатына дастархан жайылып, Мәуліт айының құрметіне салауаттар айтылды. Семинарға жиналған әйел жамағаттың құптауымен мешіт жанынан «Әжелер мектебі» құрылып, алдағы уақыттарда атқаратын іс-қызметтерінің бағыты айқындалып, оларға толайым табыстар тілеп, шашу шашылды.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру