ЕЛОРДАЛЫҚ ИМАМДАРҒА ҚАЖЫЛЫҚ БӨЛІМІ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ (ФОТО)

24 сәуір 2025 152 0
Оқу режимі

«Әзірет Сұлтан» мешітінде Астана қаласының бас имамы Ерболат Нұрылдаұлының басшылығымен елорда имамдарына қажылық бөлімі бойынша семинар өтті. 

Жиында ҚМДБ Қажылық бөлімінің Астана қаласы өкілдігі бойынша жауапты маманы Тамирлан Дарханұлы ұлы құлшылық сапары жайлы тың мәліметтер беріп, қажылықты насихаттау жұмыстарын өкілдік көлемінде насихаттау бойынша түсіндіру жұмыстарын жандандыру қажеттігін айтты. Сондай-ақ, ҚМДБ жанынан құрылған ресми қажылық оператор – Tawaf Travel компаниясының қызметі де кеңінен насихатталды.

Жиын барысында қажылыққа дайындық кезеңдері, қажылық сапарының талаптары мен ережелері, қажылық кезінде орындалатын рәсімдер жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, имамдардың жамағат арасында қажылықты дұрыс насихаттау, қажылыққа барушыларға рухани әрі практикалық тұрғыдан қолдау көрсету міндеттері айтылды.

Семинарға қатысқан имамдар өзара тәжірибе алмасып, қажылық маусымына дайындық жұмыстарын пысықтады. Қажылық бөлімінің мамандары тарапынан нақты ұсыныстар мен әдістемелік құралдар ұсынылып, қажылық қызметінің сапасын арттыру жолдары қарастырылды.

Жиын соңында Астана қаласының бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы семинардың маңыздылығына тоқталып, имамдардың қажылық маусымында белсенділік танытып, жамағатпен тығыз байланыста болу қажеттігін ерекше атап өтті.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру