Елорда шәкірттері арасында футбол турнирі өтті (ФОТО+ВИДЕО)

22 желтоқсан 2019 7728 0
Оқу режимі

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы мешіттерінің шәкірттері арасында «Теңбіл доп» атты футбол турнирі өтті. Айтулы шараға ҚМДБ-ның Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі мен Ырыскелді қажы мешіті ұйытқы болып отыр. Аталмыш турнир құлшылық ордасында дәріс алушы шәкірттер аралық ынтымақтастықты арттыру мен өзара салауатты өмір салтын ұстануға бағытталған. 

Спорттық шараның ашылуына «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Бақытжан Өткелбаев пен Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық даму істері басқармасы басшысының орынбасары Қасымов Ернар Тұрсынханұлы арнайы қатысты.

Елордамыздағы 12 мешіт арасындағы достық кездесуде «Әзірет Сұлтан мешітінің «Сұлтан» командасы топ жарып бас жүлдеге ие болды. Ал, «Төлебай» мешітінің «Сұңқар» командасы II орынды иеленсе, «Әлжан ана» мешітінің құрамасы III орынды қанжығасына байлады. 

Жеңімпаз командалар төмендегі сыйлықтарға ие болды:
I орын - 50 мың теңге (кубок, медал);
II орын - 30 мың теңге, (кубок, медал);
III орын - 20 мың теңге, (кубок, медал);

Одан бөлек үздік өнер көрсеткен ойыншыларға үш номинация бойынша арнайы алғыс хаттар пен ақшалай сыйлықтар табыс етілді. 

Арнайы номинацияға ие болған қатысушылар:
Изембаев Боранбай – «Үздік қақпашы» («Әлжан ана» мешіті);
Махан Жандос – «Үздік қорғаушы» («Төлебай» мешіті);
Меркенов Тамерлан – «Үздік шабуылшы» («Ғылмани» мешіті).

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!


  

 

Пікірлер Кіру