ЕЛОРДА МЕШІТТЕРІНДЕ ЖАМАҒАТҚА «ПӘТУА САҒАТЫ» ӨТКІЗІЛДІ (ФОТО)

14 ақпан 2025 250 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астана қаласы өкілдігіне қарасты мешіттерде әр жұма сайын жамағатқа арналған «Пәтуа сағаты» тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бұл игі бастама мешітке келушілердің діни сауатын арттырып, шариғат мәселелерін тереңірек түсінуіне ықпал етуді көздейді.

«Пәтуа сағаты» барысында мешіттің дін қызметкерлері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі тарапынан және Ғұламалар кеңесінде бекітілген діни үкімдер мен қаулыларды жамағатқа жеткізіп, оларды күнделікті өмірде қолданудың жолдарын түсіндіреді. Сондай-ақ, қоғамда кездесетін түрлі діни мәселелердің шешімін табуға көмектесіп, дұрыс бағыт-бағдар береді.

Айта кетерлігі, бұл кездесулерде мұсылманның күнделікті тұрмыс-тіршілігіне, құлшылық амалдарына, отбасы, қарым-қатынас және сауда сияқты өмірдің әр саласына қатысты маңызды сұрақтарға жауап беріледі. Шариғат талаптарына сәйкес, мұндай тақырыптарды ашып түсіндіру – жамағаттың діни түсінігін арттырып қана қоймай, дініміздің негізгі қағидаларын ұстануға ынталандырады.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру