Елорда мешіттері 1 000 отбасыға ауызашар таратты (ФОТО)

29 сәуір 2020 6548 0
Оқу режимі

Қасиетті Рамазан айы басталысымен еліміздің көптеген өңірлерінде мешіттердің ұйымдастыруымен ауызашар пакеттерін тарату жұмыстары қолға алынған болатын. Игі шараға алғаш болып үн қосқан Елорда өкілдігі де «Рамазан шуағы» атты жоба бастап, Бас қала жамағатына тегін ауызашар пакеттерін үзбей таратып келеді.

Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіповтің бастамасымен бұл шараның бүгінде ауқымы кеңейіп, қамтыған отбасы саны да едеуір көбейіп келеді. Осы сөзіміздің дәлеліндей, кешегі күні Елорда өкілдігінің ұйытқы болуымен қаладағы 1 000 отбасыға тегін ауызашар пакеттері үлестірілді.

Айта кетейік, елімізде жарияланған төтенше жағдай режиміне және карантин ережелеріне сәйкес, ауызашар пакеттерін тарату және қайырымдылық шаралары барлығы да сақтық-тазалық талаптарына сай өткізілуде. Бас мешіт жанынан құрылған «Sharapat» еріктілер тобы және өкілдік қызметкерлері тарату жұмыстарына тыңғылықты дайындықпен кірісуде.

Құрметті жамағат!

Елорда өкілдігінің «Рамазан шуағы» атты тегін ауызашар пакеттерін тарату жұмыстарына сіз де үлес қоса аласыз! Төмендегі байланыс телефонына хабарласып немесе Kaspi Gold қосымшасы арқылы кез келген сомада жәрдемдесуге болады: 8 705 291 78 72 (Естай Абдығали, «Әзірет Сұлтан мешітінің наиб имамы)

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру