ЕЛОРДА ИМАМДАРЫНЫҢ ПӘТУАЛАРДЫ ТАЛҚЫЛАУ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ (ФОТО)

02 ақпан 2024 1333 0
Оқу режимі

Бүгін ҚМДБ Астана қаласы өкілдігі бойынша пәтуа және діни сұрақтарға жауапты дін қызметкерлерінің жиналысы өтті. Қала бойынша пәтуаға жауапты маман, «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Ибраев Тамирланның жетекшілігімен өткен жиында ҚМДБ Ғұламалар кеңесінде қабылданған бірқатар пәтуалар талқыланды.

Атап айтқанда, ұшыр нисабы мен шығыны туралы, визасыз қажылыққа бару секілді мәселелер кеңінен түсіндірілді. Жиын барысында, сондай-ақ, мешіт жамағаты тарапынан жиі жолданатын сауалдар талқыланып, ортақ шешімдер қабылданды.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру