Елорда имамдарына ихсан кітабы таныстырылды (ФОТО)

22 қазан 2021 3496 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі жуырда ғана қалың оқырманға жол тартқан ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының «Ихсан – рухани тәрбие негізі» атты еңбегін елорда имамдарына жан-жақты түсіндірді.

Нұр-Сұлтан қаласының Бас имамы Ерболат Жүсіпов жалпы ихсан ілімінің маңыздылығы мен құндылығын түсіндіре келе, аталмыш еңбекті уағыз-насихат жұмыстарында да қолдануға болатын үлкен оқу құралы екенін атап өтті. Сондай-ақ, жергілікті дін қызметкерлеріне осы тұрғыдан нақты тапсырмалар жүктеді.

Басқосу соңында елорданың әрбір мешітіне арнайы әзірленген кітап қоржындары табыс етілді.

«Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабының шыққанына аз уақыт болса да бүгінгі күні көпшілік оқырманның ихсан іліміне деген қызығушылығы мен таңданысын оятып, ыстық ықыласына бөленді десек болады. Үшбу еңбек арқылы еліміздің жан-жақтағы аймақтарында кісіні адамгершілік пен ізгілікке баулитын ихсан ілімі дәріптелуде.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру