ЕЛОРДА ИМАМДАРЫ СОЛТҮСТІК ӨҢІРГЕ ЗИЯРАТ ЖАСАДЫ (ФОТО)

20 қараша 2023 1390 0
Оқу режимі

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің қызметкерлері өткен демалыста «Дархан дала» жобасы аясында Солтүстік Қазақстан облысы өкілдігіне сапар шегіп, Петропавл қаласының тыныс-тіршілігі, тарихымен танысып қайтты. Облыс бас имамы Хамзат Қажымұратұлы қонақтарды өзі қарсы алып, Қызылжар өңірінің діни ахуалымен, тарихи мекендерімен таныстырды.

Атап айтқанда, Елорда мешіттерінің имамдары мен ұстаздары Петропал қаласындағы Ислам мұражайын, Өлкетану мұражайын және Ботаникалық саябақты тамашалап, шаһар тынысын сезінгендей болды. Сондай-ақ, астаналық қонақтар атақты Абылай ханның резиденциясына арнайы барып, 2008 жылдан бері ресми түрде мұражайлық кешен болып ашылған ғимаратты аралады.

Айта кетейік, «Абылай хан резиденциясы» – Абылай ханның Петропавл қаласындағы ордасы, тарихи ескерткіш. Мұрағаттық материалдардың мәліметтері бойынша, «Абылайдың өтініші бойынша Есіл өзенінің жоғарғы жағындағы Енқыстау тауында әулие Петрдің бекінісі жанынан оның келіп тұруы үшін 1765 жылы ағаш үй салынған».

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру