Елорда имамдары қалалық сенбілікке қатысты (ФОТО)

18 қыркүйек 2021 4119 0
Оқу режимі

Бүгін Елордада «World Cleanup day 2021» бүкіләлемдік акциясы шеңберінде өткен жалпықалалық сенбілікке Нұр-Сұлтан өкілдігінің қызметкерлері де белсене атсалысып, қала абаттандыру жұмыстарына өз үлестерін қосты. Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов бастаған 12 мешіт қызметкерлері Тәуелсіздік даңғылы мен Панфилов қиылысындағы саябаққа ағаш отырғызып қайтты.

Айта кетейік, бүгінгі сенбілік шарасына қала бойынша 257 қызмет көрсету ұйымы қатысып, 200-ден астам арнайы техника бөлінген көрінеді. Саябақтағы сенбілік жұмысына қала әкімі Алтай Көлгінов арнайы қатысып, жамағатпен жүздесті.  

«Бүгін жалпықалалық сенбілік аясында тек осы саябақтың өзінде ағаш отырғызуға 1200 адам қатысып отыр. Жалпы қаламызда 2500 түп тал-терек, ағаш егіп жатырмыз. Оған қолдау көрсеткен қала тұрғындарына, жастарға, ұжымдарға, барша жанашыр азаматтарға ризашылығымды білдіремін», – деп ізгі тілегін білдірді қала әкімі.

Суреттер топтамасын «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру