Баян-Өлгейде 530 үйді су басып қалды

19 шілде 2018 7629 0
Оқу режимі

Моңғолияның қазақтар көп қоныстанған Баян-Өлгей аймағында нөсер жаңбыр салдарынан су басқан үйдің саны 530-ға жетті. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА Монцамэ агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Агенттіктің хабарлауынша, қазіргі кезде 530 үйді қызыл су алып кеткен. Үйсіз қалған 2512 тұрғын аймақтағы балабақша мен мектептердің ғимараттарына орналастырылып жатыр.

Арнайы комиссиясының қорытындысына сәйкес, көптеген отбасылардың үйлері тұруға жарамсыз болып қалған. Апат салдарын жою жұмыстары жан-жақты жүргізіліп жатыр.

Елдің төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті табиғат апатының шығындарын есептеп, үйсіз қалғандарға көмектесуде.

Еске сала кетейік, бұған дейін біз Баян-Өлгей аймағында нөсер жаңбыр  салдарынан 275 үйді су алғаны туралы жазған болатынбыз. 

Пікірлер Кіру