Бас мүфтиге өңірдегі діни ахуалды баяндады (ФОТО)

22 ақпан 2020 4538 0
Оқу режимі

Бүгін елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Ақтөбе облысының бас имамы Төлеби Оспанды қабылдады.

Төлеби Дәділұлы өңірдегі діни ахуалды Бас мүфтиге баяндап, имамдардың атқарып жатқан жұмыстары туралы есеп берді.

«Облыстағы дін қызметкерлерінің білімін жетілдіру мақсатында оқыту курстарын ұйымдастырып келеміз. «Жеті рухани қазық» құжаты халыққа жүйелі насихатталуда. Волонтерлар жылы аясында жамағатты қайырымдылық шараларына қатыстырып, ортақ мақсатқа жұмылдырып келеміз» деп атап өтті Ақтөбе облысының бас имамы Төлеби Оспан.

Т.Дәділұлының есебін тыңдаған Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Имамдарымыз елдің игілігі үшін қызмет етуде белсенді болу керек. Уағыз-насихат жұмыстары халықтың танымы мен талғамына сай жүргізілуі қажет. Осы мәселеге басты назар аударыңыз. Сонымен қатар, жергілікті имамдар арасынан ғалымдар мен ұстаздарды шығарып, халық арасында түсіндіру шараларын жүргізіңіз», – деді.

Кездесу барысында Төлеби Оспан өңірде түсіндіру шараларын жандандыру үшін Республикалық ақпараттық-насихат тобының белсенді мүшелерін Ақтөбеге жіберу туралы өтініш-тілегін білдірді. Бас мүфти бұл ұсыныс орындалатынын жеткізді.

Кездесу соңында ҚМДБ Төрағасы бас имамға нақты тапсырмалар берді.

Пікірлер Кіру