БАС МҮФТИ ШАХТАДАҒЫ АПАТТАН ҚАЗА БОЛҒАНДАРДЫҢ ЖАНАЗАСЫН ШЫҒАРДЫ (ФОТО)

30 қазан 2023 1964 0
Оқу режимі

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада апаттан қаза тапқан марқұмдардың жаназасын шығарды.

Бас мүфти жаназа рәсімінде: «Уа, Алла Тағала! Отбасын асыраймын деп ауыр жұмыс барысында қаза тапқан кеншілерімізді өз мейіріміңе бөлегейсің. Иманын өздеріне серік еткейсің. Артында қалған жақындарына көркем сабыр бергейсің» деп дұға жасады.

Айта кетейік, марқұмдардың жаназа рәсімі Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде және қалалық «Әл-Машани» мешітінде өтті.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру