Бас мүфти Қордайдағы қайғы жамылған отбасыға көңіл айтты (ФОТО)

15 ақпан 2020 4899 0
Оқу режимі

Жамбыл облысына арнайы келген ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қордай ауданындағы қақтығыста қаза тапқан Дархан Әбдірахымның отбасына барып, ата-анасы мен туған-туыстарына көңіл айтты.

Бұл отбасы қақтығыс болған маңнан 10 шақырым жердегі Әлжан ана ауылында тұрады. Дархан Әбдірахым үйінің жалғызы екен. Бас мүфти әкесі Асқарбек Әбдірахымға басу айтып, сабырға шақырды.

«Бұл – Алланың сынағы. «Тас түскен жеріне ауыр» деген. Қайғылы жағдайды естігенде егіліп, тілектес болдық. Қайғыңызға ортақпыз. Адам ұрпағымен мың жасайды. Енді Дарханыңыздың балаларын өсіріп, солардың қызығын көріңіз», - деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

 

 

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру