Бас мүфти Халықаралық басқосуда бірнеше кездесулер өткізді (ФОТО)

29 наурыз 2019 6172 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз кеше Мəскеу қаласында басталған "Ислам - мейірімділік пен бейбітшілік жаршысы" атты халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференция аясында бірнеше кездесулер өткізді.

Серікбай қажы Сатыбалдыұлы Дүниежүзі Ислам Лигасының Бас хатшысы, шейх Мұхаммед бен Абдул Кəрім Исамен, Сауд Арабиясы Королінің кеңесшісі, əл-Харам мешітінің имамы, шейх Салих ибн Хумайдпен, Шешенстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі, мүфти, шараны ұйымдастырушылардың бірі Салах қажы Межиевпен, Египет Араб Республикасының мүфтиі, шейх Шауқи Ибрахиммен, т.б. дін қайраткерлерімен кездесіп, мұсылман үмбетінің бірлігі мен өзара бауырмашылдығы жайлы сұхбаттасты.

Бас мүфти кездесу соңында жергілікті республикалық телеарналарға сұхбат берді.

Айта кетейік, Дүниежүзі Ислам Лигасы мен Шешенстан Республикасының бірігіп ұйымдастырған халықаралық шарада бүгінгі мұсылман үмбетінің бірлігі, дінаралық диалог пен өзара келісімнің келешегі, пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мейрімділікке негізделген жолы, т.б. мәселелер төңірегінде мазмұнды баяндамалар жасалуда.

 

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру