Бас мүфти Каирде діни басқарманың жауапты өкілін тағайындады

17 наурыз 2021 4513 0
Оқу режимі

ас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Мысыр Араб Республикасына жасаған сапарында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жауапты өкілін тағайындады.

«Серғазиев Руслан Амантұрсынұлы Мысыр Араб Республикасының діни оқу орындарында оқитын қазақстандық  студенттерге Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан жауапты өкіл болып тағайындалсын» делінген Бас мүфти бұйрығында.

Наурызбай қажы Тағанұлы әл-Азһар университетінің шейхы, Бас имам Ахмет Тайыппен кездесуде жауапты өкіл Руслан Серғазиевті таныстырып, университет тарапынан қолдау көрсету қажеттігін жеткізді. Ахмет Тайып Бас мүфти ұсынысын қолдайтынын айтты.

Айта кетсек, жауапты өкіл Діни басқарма жанынан ашылған «Талаба» қауымдастығының жұмысын үйлестіріп, діни білім алып жатқан қазақстандық студенттердің әлеуметтік мәселесін шешуге ықпал етеді. Сонымен қатар студенттер арасында дұрыс діни көзқарас қалыптастыруға атсалысады.

Бүгінде «Талаба» қауымдастығына Каирде оқып жатқан 134 студент мүшелікке қабылданған.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру