БАС МҮФТИ «ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ ЖҰМА УАҒЫЗЫН АЙТТЫ (ФОТО)

02 қыркүйек 2022 2864 0
Оқу режимі

Күндердің сұлтаны болған қасиетті жұма күнін ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Әзірет Сұлтан» мешітінің жамағатымен өткізіп, ұстазға құрмет көрсету тақырыбында жұма уағызын айтты.

Жаңа басталған оқу жылының берекелі болуын тілеген Бас мүфти өз уағызында білім-ғылымның пайдасы мен артықшылығын, сол білімді үйретуші ұстаз тұлғасының қадір-қасиетіне тоқталды.

«Алты алаштың игі жақсысы бас қосса, төрдегі орын – ұстаздікі» деп арыстарымыз айтып кеткендей, әр адам ұстаздарына деген ерекше құрмет көрсетуі қажет. «Ғалымды сыйлау – сүннеттен» деген. Ұстазды құрметтеуге – оның алдында кішіпейілдік таныту, жүргенде алдына түспеу, есік ашып бірінші кіргізу, жөнсіз сұрақтармен мазаламау, бірінші болып сәлем беру сияқты істер жатады», – деп, қарапайым қағидаларды түсіндіруден бастаған Наурызбай қажы Тағанұлы жамағатқа ұстаз мәртебесі мен келбеті жайында кеңінен тарқатып айтып берді.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру