Бас мешіттің әйел жамағатына уағыз айтылды (ФОТО)
21 желтоқсан 2019
5607
0
Оқу режимі
Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің «Инабат» қыз-келіншектер клубы насихатқа толы кездесу өткізді. Қасиетті жұма күні «Нұр Астана» мешітінің ұстазы Қарлығаш Қажымәлікқызы «Әр сәтіңе шүкір айт!» тақырыбында әйел жамағатына насихат жүргізді.
Сондай-ақ, «Берекелі жұма» дастарханы жайылып, қыз-келіншектердің өзара еркін пікір алмасып, көкейде жүрген сауалдарына жауап алуларына мүмкіндік туды.
Кеш соңында ақ жаулықтар әжелер тағылымды басқосу үшін мешіт қонағына алғыстарын айтып, ақ батасын жаудырды.
Айта кетсек, «Әзірет Сұлтан» мешітінің «Инабат» қыз-келіншектер клубы әйел жамағатына арнап көптеген игі басқосулар ұйымдастырып келеді.
Пікірлер
Кіру