Бас мешітте «Әжелер өнегесі» мектебі құрылды (ФОТО)

26 наурыз 2021 4580 0
Оқу режимі

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде айрықша шара болып өтті. Мешіт ұстазы Бекет Гүлсара апамыздың бастамасымен шәкірт әжелердің арнайы тобы құрылып, «Әжелер өнегесі» атты мектеп өз жұмысын ресми түрде бастады. Қарттығына қарамастан мешіт ұстаздарынан діни дәріс алып, ілім жолындағы ізденістерін еш тоқтатпаған шәкірт әжелер бұған дейін де мешіттегі қаншама қайырымдылық шараларына ұйытқы болып, Мәуліт кештері мен ауызашар дастархандары, мерекелік-тәрбиелік іс-шараларға белсене қатысып, бүгінде Бас мешіттің бір бөлшегіне айналып та үлгергендей еді. Құранды қатесіз оқып үйренген әжелеріміз былтырғы наурыз айынан бастап 455 рет Құран хатым етіп, ел амандығы үшін дұға жасаған екен.

Игі шараға арнайы қатысқан Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов құттықтауын лебізін білдіріп, әжелер қауымына өз алғысын білдірді. «Әжелер өнегесі» мектебінің жұмысына сәттілік тілеп, болашақ ұрпақ тәрбиесіндегі апа-әженің орны айрықша екенін атап өтті. Бүгінгі игі шараға орайластырып шәкірт әжелер қасиетті Құран кәрімді тағы бір хатым етіп, дұғасын Бас имаммен бірге жасап, ел мен жердің амандығын тіледі.

Қуанышты оқиға бұдан әрі кшігірім дастархан басында жалғасын тауып, көпті көрген асыл әжелердің өнегесі мен әңгімесіне кезек берілді.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру