«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНІҢ ЖАМАҒАТЫ ҚМДБ-НЫҢ КОНЦЕПТУАЛДЫҚ ҚҰЖАТТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ (ФОТО)

25 сәуір 2025 68 0
Оқу режимі

Қасиетті жұма күні Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде жамағатқа ҚМДБ-ның концептуалды құжаттары таныстырылып, таратылды.

Атап айтсақ, «Қазақстан мұсылмандары тұғырнамасы», «Имамның тұлғалық келбеті», «Мұсылманның тұлғалық бейнесі», «ҚМДБ қызметкерінің этикасы», «Жеті рухани қазық» Қазақстан мұсылмандарының рухани тұғырнамасы, «Діни лауазымдар тізілімі», «Дін қызметкерлері атқаратын діни рәсімдер тізілімі», «Ас беру мәдениеті», «Зират және зиярат мәдениеті», «Зияткер имам тұжырымдамасы» құжаттары кеңінен таныстырылып, жамағатқа үлестірілді.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру