«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ ҰЛТТЫҚ ӘШЕКЕЙ БҰЙЫМДАРЫН ЖАСАУДАН ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ ӨТТІ (ФОТО)
18 наурыз 2024
1629
0
Оқу режимі
«Әзірет Сұлтан» мешіті «Инабат» қыз-келіншектер клубының ұйымдастыруымен әйел жамағаты мен клуб мүшелеріне ұлттық әшекей бұйымдарын құрастырудан шеберлік сағаты өтті.
Астана қаласы Әйел-қыздар секторының жетекшісі Элмира Бұхарбаеваның басшылығымен өткен шеберлік сағатына қонақ ретінде қолөнер иесі Асылзат Әбдікәрімова шақырылып, қыз-келіншектерге түрлі әшекейі жарасқан бұйымдарды үй жағдайында құрастырудың қыр-сырлары үйретілді.
Айта кетсек, «Әзірет Сұлтан» мешіті «Инабат» қыз-келіншектер клубының ұйымдастыруымен әйел жамағатына пайдалы болған шеберлік сағаттары ұдайы өткізіліп келеді.
Пікірлер
Кіру