«Әзірет Сұлтан» мешітінде тұрақты сенбілік жұмыстары басталды (ФОТО)

22 ақпан 2020 5037 0
Оқу режимі

Қаһарлы қысты артқа қалдырғанымен, құлшылық ордаларының көктем жақындасымен жаңа мәселеге тап болатыны бар. Күмбездердің ойықтана біткен пішіне орай мешіт төбесін қыс бойы қар басып, көктем шыға күреп тастамаса, еріген судың еріксіз ішке сорғалайтыны сөзсіз.

Биылғы жылы ақтүтек бораны басылмай, қары қалың түскен Нұр-Сұлтан қаласындағы мешіттердің төбесін тазалау жұмыстарын екі есеге арта түскендей. Осыған орайда еліміздің Бас мешіті – «Әзірет Сұлтан» ордасында әр апта сайын тұрақты түрде сенбілік жұмыстары ұйымдастырылу үстінде.

Бірнеше қабаттан тұратын алып мешіттің шатыр аумағы да айтарлықтай үлкен. Әр аптаның сенбі күндері мешіт қызметкерлері мен жамағаты, шәкірттер тобы ұйымдасқан түрде сауапты іске атсалысып, сүйікті мешіттерінің жағдайына жанашырлық танытып келеді.

Сенбілік жұмысы алдағы бірнеше апта бойы жалғасатын болмақ. Сауапты іске үлесін қосамын деген елордалықтар әр сенбі сағат 10.00-де «Әзірет Сұлтан» мешітіне келсе болады.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру