«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ ТРАНСПЛАНТАЦИЯ ҮКІМІ ТУРАЛЫ ИМАМДАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН ЖЕТІЛДІРУГЕ АРНАЛҒАН ПӘТУА СЕМИНАРЫ ӨТТІ (ФОТО)

16 ақпан 2024 1802 0
Оқу режимі

«Әзірет Сұлтан» мешітінде қала имамдары мен ұстаздардың қатысуымен трансплантация үкімі туралы имамдардың біліктілігін жетілдіруге арналған пәтуа семинары өтті.

Бұл семинарды «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы, Астана қаласы бойынша пәтуа істері бойынша жауапты маман Темірлан Ибраев жүргізіп, шариғаттағы пәтуа берудің жауапкершілігіне тоқталды. Сондай-ақ, қазіргі таңдағы өзекті мәселе трансплантация үкімі бойынша пәтуа берудің заманауи мәселелерін айтып, оның діндегі жауапкершілігін ерекше атап өтті.

«Құранда Алла Тағала «Сөз жоқ. Біз Адам балаларын ардақтадық. Құрлықта, теңізде алып жүрдік, тәтті тағамдармен қамтамасыз еттік. Жан біткеннің көбінен оларды үстем еттік», -  дейді. Сондықтан, Ислам адам тәні мен өміріне зиян тигізбеуге үндейді. Адамның денсаулығына зиян келтіретін нәрселерден алыс болуға шақырады. Харамға, зұлымдыққа алып баратын істерге жоламауды бұйырады. Сонымен қатар, ауырған сәтте емделу жолдарын іздеуді міндеттейді», - дейді Темірлан Ибраев.

Семинарға қатысушылар Астана қаласы бойынша пәтуа істері бойынша жауапты маманға келелі мәселелер бойынша туындаған сұрақтарын қойып, толық  жауаптар алды. Семинар пайдалы жақтарымен есте қалды.

Дереккөз: muslim.kz

 

Пікірлер Кіру