«Әзірет Сұлтан» мешітінде Татуласу орталығы ашылды (ФОТО+ВИДЕО)

02 қараша 2019 6540 0
Оқу режимі

Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде бүгін тағы бір игілікті жобаның тұсауы кесілді. ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасы негізінде Нұр-Сұлтан қалалық соты мен Бас мешіт арасында өзара меморандум жасалып, тараптар азаматтық дау-жанжалдарды шешу жолында біріге жұмыс атқаратын болды.

Елордамызда жақында ғана ашылған «Татулас орталығында» өткен басқосу барысында Нұр-Сұлтан қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қуанышбай Әлжіков пен «Әзірет Сұлтан» мешітінің бірінші наиб имамы Марат Бектазинов меморандумға қол қойып, жұмыс барысын талқылады. Ынтымақтастық меморандумы аясында республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің қызметкерлері сотқа дейінгі татуластыру әрекеттеріне қолдау көрсетіп, жанұя бірлігін сақтауға үлес қосатын болмақ.

Игі шараның жалғасы ретінде бүгін «Әзірет Сұлтан» мешітінде арнайы Татуласу орталығы ашылып отыр. Бас мешіттегі білікті дін мамандарының кезекшілігі негізінде татуласу орталығында жанұялық мәсеселердің түйіні тарқатылып, бітімге шақыру жұмыстары жүргізілетін болмақ. Ашылу салтанатына арнайы қатысқан Билер кеңесі мүшелері ақ баталарын беріп, тілектестік білдірді.

Айта кетейік, Бас мешіттегі Татуласу орталығы ашыла салысымен-ақ, шариғи кеңес сұраған жандардың кезегі басталып та кетті. Отбасылық жағдайды жөндеуге тырысқан жұбайлар үшін имам насихатының орны бөлек екені сөзсіз.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру