100 ОТБАСЫҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ СЕМИНАРЫ ӨТКІЗІЛІП, ДАСТАРХАН ЖАЙЫЛДЫ (ФОТО)

17 қараша 2022 3386 0
Оқу режимі

Бүгін Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде қайырымдылық семинары ұйымдастырылып, 100-ден астам қатысушыға мерекелік дастархан жайылды. Қоғаммен байланыс бағыты аясында семинарға қатысушыларға отбасылық құндылықтар, сабыр мен қанағат, өмірдің түрлі ауыртпашылықтарына төзімділік танытып, адал несібе іздеу тақырыптарында уағыз-насихат айтылды.

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Астана қаласы өкілдігі ұйымдастыруымен семинардан соң мүмкіндігі шектеулі жандарға, жалғызбасты аналар мен аз қамтылған 100-ден астам отбасыға «Әзірет Сұлтан» мешітінде қайырымдылық дастарханы жайылды. 

Келген қонақтарды Астана қаласы бойынша «Зекет және қайырымдылық» қорының жауапты өкілі Мерей Жақия қарсы алды. Сондай-ақ, мешіт имамдары Тамирлан Дарханұлы, Әділхан Серікбай, Омар Салимбеков келушілерге арнайы уағыз-насихат жүргізді.

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру