Әйел жамағатына шеберлік сағаты өтті (ФОТО)
24 ақпан 2020
5174
0
Оқу режимі
«Әзірет Сұлтан» мешітіндегі «Инабат» қыз-келіншектер клубының ұйымдастыруымен тағылымды кездесу өтті.
Белгілі қолөнер дизайнері, әлеуметтік желідегі танымал блогер Меруерт Союзовна әйел-қыздарға қолөнер бұйымдарын жасау және өз кәсібін дамыту жөнінде өз білімімен бөлісті. Қатысушылар білезік пен тәспі жасаудың қыр-сырын үйренді. Сондай-ақ, сұрақтарына жауап алып, өзара пікір алмасты.
Жиын соңында «Инабат» клубы мешіт қонағына өз ризашылықтарын білдірді. Қасиетті Құран Кәрім кітабын сыйға тартып, арнайы алғыс хат табыстады.
⠀
Пікірлер
Кіру