ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫНА «ОТАНДЫ СҮЮ – ИМАННАН» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ (ФОТО)
31 тамыз 2023
1935
0
Оқу режимі
Халқымыздың қастерлі мерекелерінің бірі – Ата заң күніне орай ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің Әйел-қыздар секторы ұйымдастыруымен «Отанды сүю – иманнан» атты семинар өтті. Семинар жұмысына Астана мешіттерінің әйел ұстаздары мен шәкірттері қатысып, арнайы шақырылған спикерлердің отан ұғымы жайындағы баяндамаларына қанықты.
Қатысушыларға «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Эльмира Бұхарбаева «Отанды сүю иманнан» тақырыбында шариғи баяндама оқыса, ҚР Білім беру ісінің үздігі Шамшадин Нағима Қалшабекқызы «Отан отбасынан басталатынын» көркем насихатпен түсіндіруге тырысты.
Шара соңында қатысушылар арасында викториналық сайыс ұйымдастырылып, халқымыздың тарихы мен дәстүрі жөнінде сауалдар қойылды.
Дереккөз: Muslim.kz
Пікірлер
Кіру