Әйел жамағатына халал өнімдер технологиясы түсіндірілді (ФОТО)

24 қаңтар 2020 5055 0
Оқу режимі

Бүгін, қасиетті жұма күні республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Халал өнімдерінің технологиясы» атты семинар сабақ болып өтті. Бас мешіттің әйел жамағатына арналып өткізілген семинар сабағына ҚМДБ-ға қарасты «Халал Даму» ұйымының бас сарапшы технолог маманы Омарова Айжан Қалмаханқызы шақырылып, тартысты тұстары көп хала тақырыбы талқыға салынды.

Мешіт ұстазы Динара Құтқожақызы жиылған жамағатқа кездесу кешінің қонағы Айжан Қалмаханқызын таныстырып, халал астың маңыздылығын айрықша атап өтті. Осы орайда, мешіт жамағаты мен шәкірттеріне кейбір жайттарды қағазға түртіп отыруға да кеңес беріп өтті.

Кездесу аясында арнайы көрнекілік кестелері мен түрлі бейнебаяндар арқылы тағамдық қоспалар құрамы, халал тағамдардың түрлері мен өндіру, әзірлеу технологиялары түсіндіріліп, әйел жамағатына көптеген керекті кеңестер айтылды.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру