Әйел жамағатына арналған семинар өтті (ФОТО)

12 қазан 2019 5729 0
Оқу режимі

Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің шәкірттері мен ұстаздарынан құралған «Инабат» қыз-келіншектер клубының ұйымдастыруымен әйел жамағатына арналған семинар өтті.

«Қыз бен ұл тәрбиесі, ене мен келін қатынасы» тақырыбында өткен семинарда қоғам қайраткері, тіл жанашыры, «Үш байлық» қоғамдық бірлестігінің басшысы Оразкүл Асанғазы дәріс оқыды.

Кездесуде отбасындағы бала тәрбиесі мен ене-келін арақатынасында ескерілуі тиіс болған жайттар сөз етіліп, қыз-келіншектер үшін ғибратты кеңестер айтылды.

Кеш соңында келуші қонаққа ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының атынан арнайы алғыс хат пен қасиетті Құран Кәрім сыйға берілді. Сондай-ақ, мешіттің тұрақты жамағатына айналған ақ жаулықты әжелер батасын берді.

 

Пікірлер Кіру