«АЙБИКЕ» КЛУБЫ: ҚЫЗДАР АРАСЫНДА ЖҮГІРУДЕН МАРАФОН ӨТТІ (ФОТО)

29 сәуір 2024 1256 0
Оқу режимі

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігіне қарасты «al-Fattah» мешітінің «Айбике» қыз-келіншектер клубы мешіттің әйел шәкірттері арасында жүгіруден марафон ұйымдастырды.

Аталмыш игі шара Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асып отыр. Әйел жамағаты арасында «Тәні саудың – жаны сау» тәмсілі аясында спорттық шараларды өткізіп отыру клубтың тағы бір бағытына жатады.

Сайыстың ашылу рәсімінде «al-Fattah» мешітінің наиб имамы Бақытжан Өткелбаев сөз сөйлеп, қатысушы жамағаттарға сәттілік тіледі. 30 шақты адам қатысқан марафонға еңкейген қарттан бастап жасөспірім қыздар да атсалысты. Атап айтсақ, 12 жастағы шәкірттер мен 50 жасты алқымдаған әжелер де 5 км қашықта жүгіріп, бар өнерін ортаға салды.

Барлық қатысушылар арнайы медальдармен марапатталып, жүлделі 3 орынға 50 000, 30 000, 20 000 теңге көлемінде сыйақы берілді.

Сайыс соңынан әйел шәкірттердің басқосуы табиғат аясындағы дастархан айналасында жалғасты. «Айбике» клубының жетекшісі Зарина Шамидоллақызы жиналған жамағатқа уағыз-насихат айтып, қатысушыларға өз ризашылығы мен алғысын біллдірді.

2 адам және "AIBIKE AIRIKE_WIMEN WOMEN CnOPT CnOPTKЛy6bl KЛy6bl" мәтіні кескіні болуы мүмкін

14 адам, адамдар йогамен айналысуда, адамдар билеп тұр, адамдар баскетбол ойнауда, жауынгерлік өнермен айналысатын адамдар, фризби және мәтін кескіні болуы мүмкін

9 адам және мәтін кескіні болуы мүмкін

5 адам және мәтін кескіні болуы мүмкін

4 адам және мәтін кескіні болуы мүмкін

8 адам кескіні болуы мүмкін

Пікірлер Кіру