АСТАНАДАҒЫ «ТӨЛЕБАЙ» МЕШІТІНЕ ЖАҢА БАС ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ (ФОТО)

01 қараша 2024 986 0
Оқу режимі

Астана қаласындағы «Төлебай» мешітіне ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен жаңа бас имам тағайындалды.

Астана қаласының өкілі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Ерболат Жүсіпов жамағатқа «Төлебай» мешітінің жаңа бас имамы Серікбай Әділхан Иманәліұлын таныстыра отырып, осы күнге дейін бас имам қызметін атқарып келген Асхат Сәлімовке алғысы мен ризашлығын білдірді.

Серікбай Әділхан Иманәліұлы
Түркістан облысы, Жетісай ауданында 1980 жылы 21 мамырда дүниеге келген.

Білімі:
1995-1997 ж.ж. Шымкент қаласындағы «Арыстанбаб» медресінде білім алған;
2000-2004 ж.ж. Халықаралық қазақ-араб университетін Дінтану мамандығы бойынша тәмамдаған.
2017-2019 ж.ж. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде дінтану мамандығы бойынша магистратураны тәмамдаған.

Еңбек жолы:
2006-2007 ж.ж. ҚМДБ Қарағанды облысы өкіл имамының көмекшісі;
2007-2011 ж.ж. «Нұр Астана» орталық мешіті бас имамының көмекшісі;
2011-2015 ж.ж. Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің наиб имамы;
2015-2019 ж.ж. Астана қаласы «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы;
2019-2022 ж.ж. Астана қаласы «Әлжан ана» мешітінің Бас имамы;
2022-2023 ж.ж. «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы қызметін атқарған.

Пікірлер Кіру