АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ӨКІЛІ БАСТАҒАН ҰЖЫМ ДЕРТКЕ ШАЛДЫҚҚАН БҮЛДІРШІНДЕРДІ ЗИЯРАТ ЕТТІ (ФОТО)

06 наурыз 2024 1754 0
Оқу режимі

Бүгін «Әзірет Сұлтан» мешітінің «Инабат» қыз-келіншектер клубы мен «Зекет және қайырымдылық» қорының Астана өкілдігі ұйымдасып, «Ана мен бала» ұлттық ғылыми орталығында ем алып жатқан балалардың көңілін аулау мақсатында қайырымдылық шарасын өткізді.

Оған Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов арнайы қатысып, ауыр дертпен күресіп жатқан бүлдіршіндердің жағдайын біліп қайтты. Сондай-ақ, арнайы ұжым ауруханада балаларын алып жатқан аналармен өзара сұхбаттасып, оларға рухани демеу берді.

Сауапты істі мұрат еткен қыз-келіншектер қауымы құр қол барған жоқ. Балаларға арналған жөргектер мен дәрумендік тағамдар, қызықты ойыншықтар тарту етілді. Жиын соңында Астана қаласының өкілі бүлдіршіндерге Алла Тағаладан шипа беруін тілеп дұға жасады. Ата-аналар мешіт ұжымына алғыстарын айтып, дән ризашылықтарын жеткізіп жатты.

Пікірлер Кіру