АСТАНА ҚАЛАСЫНДАҒЫ «ӘЛ-ФӘТТАХ» МЕШІТІНДЕ АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ ШАРАСЫ ӨТТІ (ФОТО)

Астана қаласындағы «Әл-Фаттах» мешітінің жамағаты мен қызметкерлері табиғатты қорғау және қоршаған ортаны көркейту мақсатында ағаш отырғызу шарасын ұйымдастырды. Мешіт ауласында өткен бұл игі іс-шараға жамағат белсенді қатысып, жасыл желекке өз үлестерін қосты.
Шара барысында қатысушылар ағаш отырғызудың маңыздылығы туралы уағыз тыңдап, табиғатты аялаудың исламдағы орны жайлы пікір алмасты. Алла Елшісі (с.а.у.): «Қиямет күні келіп тұрса да, қолыңда көшет болса, оны ек» деген хадисі бұл істің сауапты екенін көрсетеді.
«Әл-Фаттах» мешітінің ұжымы мұндай шараларды дәстүрлі түрде өткізіп, жамағатты табиғатты қорғауға шақыруды жоспарлап отыр. Бұл бастама қаламыздың экологиялық жағдайын жақсартуға және жас ұрпаққа үлгі болуға бағытталған.
Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі