АСТАНА ӨКІЛДІГІ ҮЙІ ӨРТЕНГЕН ЕКІ ОТБАСЫҒА ҚАРЖЫЛАЙ КӨМЕК БЕРДІ (ФОТО)

07 қараша 2022 2795 0
Оқу режимі

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің ұйытқы болуымен бүгін баспанасы өртеніп кеткен екі отбасыға қаржылай көмек көрсетілді. Қала бас имамы Ерболат Жүсіпов апатқа ұшыраған отбасыларды арнайы зиярат жасап, 500 000 және 600 000 теңге қайырымдылық сертификатын табыстап қайтты.

Майқұтов және Есенберлин көшелерінде тұратын қос отбасының да бес баласы бар көрінеді. Қарашаның қақаған суығында жақсы лебіз, жанашырлықтың өзі жылу екенін айтқан олар қайырымдылық шарасына атсалысқан барша жандарға алғыстарын жеткізді. Айта кетейік, қос отбасының басына түскен ауыртпашылықты естіген ҚМДБ Астана өкілдігі бойынша қайырымдылық жұмыстарына жауапты «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілі Мерей Жақия, «Көктал» мешітінің бас имамы Ілияс Отаров, «Ақмешіт» мешітінің наиб имамы Фархат Исаұлы арнайы жамағатты осы шараға жұмылдырған болатын.

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру