2023 ЖЫЛЫ 250 КІТАП ДІНИ САРАПТАМАДАН ӨТТІ

15 қаңтар 2024 1774 0
Оқу режимі

ҚМДБ Діни сараптама бөлімі 2023 жылы 250 кітапқа сараптама жасады. Бұл туралы бөлім меңгерушісі Нұрлан Қайырбеков хабарлады.

«2023 жылы сараптама нәтижесінде 241 кітапқа оң қорытынды берілді. Оның ішінде ақидаға қатысты 27 кітап, шариғатқа қатысты 39 және ораза, құрбан айт пен жалпы дұғалар жөнінде жазылған 68 сараптамадан өтіп, оң қорытынды берілді. Мысыр, Түркия, Иран, Моңғолия, Өзбекстан мемлекеттерінен келген 1237 кітап комиссия сараптауынан өтті» деді Нұрлан Евфратұлы.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру