174-ші үй көпбалалы анаға бұйырды

06 ақпан 2020 4190 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған «Зекет» қайырымдылық қорының «Ел үлесі — пәтерге» акциясы аясында кезекті баспананың иесі белгілі болды.

Республика бойынша 174-ші үйдің кілті Жангелдин ауданы Торғай селосының тұрғыны, алты баласы бар ана Мадина Қонысоваға бұйырды.

Баспананың кілтін Қостанай облысының Бас имамы Бақытбек Нұрғабылұлы Тәжімбеттің арнайы тапсырмасымен Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің Бас имамы Дархан Исламбекұлы табыс етті.

Қуаныш иелеріне аудан тұрғындары әрі мешіт жамағаттары кілем тарту етті.Үлкен шаттыққа бөленген жанұя шынайы ризашылығын білдіріп, алғыстарын жаудырды. Бұл есте қаларлық оқиғаға аудан әкімінің орынбасары, ардагерлер кеңесінің төрағасы және жергілікті тұрғындар куә болды. Олар шаңырақты көріп, ақсақалдар батасын берді.

Баспаналы болған көп балалы отбасының атынан жиналған қауым және ұйымдастырушылар, тілекші жандар жайылған дастарханнан дәм татты.

Пікірлер Кіру