
Ибраев Тамирлан Дарханұлы
1991 жылы 23 сәуірде Қостанай облысы, Рудный қаласында дүниеге келген.
БІЛІМІ:
- 1998-2007 жылдары Рудный қаласындағы №15 орта мектепте білім алған.
- 2007-2010 жылдары Рудный әлеуметтік гуманитарлық колледжін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
- 2010-2013 жылдары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Астана» медресесін тәмамдаған.
- 2011-2014 жылдары Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде дистанционды түрде «Құқықтану» мамандығы бойынша жоғары білім алған.
- 2013-2016 жылдары Түркия республикасындағы «Хасеки» шариғат академиясын аяқтаған.
- 2017-2019 жылдары Еуразия Ұлттық университетіндегі «Дінтану» мамандығы бойынша магистратура аяқтаған.
ЕҢБЕК ЖОЛЫ:
- 2016-2020 жылдары Нұр-Сұлтан қаласындағы «Астана» медресе колледжінде ұстаздық қызметін атқарған.
- 2020 жылдан бастап республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы қызметін атқарып келеді.