Рамазанда үйленуге бола ма?
24 мамыр 2019
14762
0
Оқу режимі
Ассаламу алейкум! Жұрт ораза айында үйленуге болмайды деп жатады. Бұл қаншалықты рас? Рамазанда үйленбеудің себебі неде?
Жауап
Уа алейкум ассалам!
«Рамазанда үйленуге болмайды» деген сөз жастардың өздерін тыя алмай, оразасын бұзуы ықтималдығы болғандықтан айтылған. Ал, бір күн оразасын бұзған жан оның өтемін 60 күн ораза тұтумен қайтарады. Міне, сондықтан өзін тыя алмайтын жастарға Рамазан айы аяқталған соң үйленген жөн.
Рамазанда үйленуге шариғат тұрғысынан ешбір кедергі жоқ. Ескеретін жайт, неке қиған соң күндіз дастархан жайып, тойлауға тыйым салынады. Өйткені, оразаның басты үш талабы: таң атқаннан күн батқанға дейін тамақтанудан, сусын ішуден және жыныстық қатынастан тыйылу. Ал, оразаны бұзбайтын іс-әрекетке рұқсат етіледі.
Руслан Камбаров
Пікірлер
Кіру