Төбелесіп қалса, ораза бұзыла ма?

16 мамыр 2019 17117 0
Оқу режимі

Ассаламағалейкум! Мектеп кезінде біздің сыныптың оқушылары мен басқа сыныптың оқушыларының арасында кикілжің туып, төбелесіп қалды. Сол бір жігіттер: "Мен төбелестім. Менің оразам бұзылды", - деп ауыздарын ашып жіберді. Осы дұрыс па? Жалпы төбелессе ораза бұзыла ма? Алмас Менің сұрайын дегенім, ашуланып кеттім де, әйелімді басынан нұқып жібердім. Ол жылап қалды. Әйелім ораза ұстаған болатын. Соның оразасына зиян тимеді ме екен? Оразасы бұзылды ма? Айдос


Жауап

Уағалейкумуссалам! Сіздер айтқан жағдайларда ораза бұзылмайды. Оразаның бұзылуы үшін адам ағзасына сырттан қоректік нәрсе ішке енуі керек. Ауыз арқылы тағам немесе су кіруі оразаны бұзады. Төбелесіп қалса, ораза бұзылмайды. Ал, енді қан жоса болып, мұрын қанап жатса, ауыздан ішке кетіп қалмауын қадағалау керек. Жалпы, төбелесу күнә болады. Оразаның сауабын азайтады.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өзінің танымал хадисінде: «Кімде-кімнің аузы берік болса, жаман сөз сөйлемесін. Дауыс көтеріп, айқай шығармасын. Біреу оған тіл тигізсе немесе онымен керіскісі келсе оған: «Мен оразамын» десін»[1] – деген.

Мақсатбек Қайырғалиев
«Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы


[1] Ибн Мажә, Сиям, 21

Пікірлер Кіру