6081
0
Оқу режимі
Ассалаумағалейкүм. Мен Ипар компаниясында жұмыс жасаймын. Табиғи халал өнім. Ағзаға жетіспейтін қаншама витаминдермен толықтырады жəне емдейді. Халал сертификаты бар. Бірақ бұл сетевой маркетинг. Кейбіреулер айтады сетевой маркетингтің барлығы харам деп. Мысалы мен компанияға тіркелгенмін. Егерде артымнан бір адам шақырып ол адам 38000 тг ге зат алатын болса маған 20% ақша түседі яғни 7600 тг компания зарплата қылып келесі айда беріп отырады. Бірақ біз ол өнімдерді компанияның бағасымен алып өз бағасына немесе үстіне ақша қосып сата аламыз. Сол сатқанымыз үшін де компания сатқан сумманың 10% ін зарплата қылып бізге счетымызға аударады. Алдау арбау жоқ. Көптеп ақша салу жоқ. Компания ешкімге қысым жасамайды. Шығарып тастамайды. Осы харам ба соны білгім келеді???
Жауап
Автор: Мақпал
Пікірлер
Кіру