Әйел ұстаз ер адамға Құран үйретсе бола ма?

20 желтоқсан 2018 14835 0
Оқу режимі

Сәлеметсіз бе? Әйел адам бөтен еркек адамға Құран, тәжуид ілімдерін үйретсе бола ма? Себебі бізде мұны қолға алған маман жоқ. Білемін деген бірер адам бар, бірақ олар да қазақша кітаптардан өздері үйреніп алғандар. Айна Тойшыбай


Жауап

Сәлеметпіз. Шариғатта әйелдің еркек адамға тәлім беруіне тыйым салынбаған. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) әйелдері де өзге сахабалар сынды кейінгі мұсылмандарға дінді  үйреткені тарихтан белгілі. Хадис жинақтарында аналарымыздың тәлім бергені туралы көп риуаяттар келген. Тіпті, Ибн Хажар Асқалани «әл-Исаба фи тамизис-сахаба» атты еңбегінде 1543 әйел сахабаны атап көрсеткен. Олардың көпшілігі фиқһ, хадис, әдебиет ілімдерінің білгірлері болған. Әрі олар тек әйел шәкірттерге ғана білім беруменберіп шектелмеген.

Тоқетері: егер ауылдарыңызда Құранды жақсы үйрететін азаматтар болмаса, онда әйел адам әйелдерге де еркектерге де Құран мен тәжуидті үйретуіне болады.

Ең дұрысын Алла біледі.

Айбек Әбдіқадыр
Muslim.kz сайтының діни сарапшысы

Пікірлер Кіру