Бір құрбандық малы неше адамның атынан жарамды болады?

27 маусым 2023 2753 0
Оқу режимі

Бір құрбандық малы неше адамның атынан жарамды болады?


Жауап

Қой мен ешкі бір адамның атынан шалынады. Ал, түйе мен қарамал бір адамның атынан да, жеті адамның атынан да сойылса болады. Бірақ жеті адамнан асып кетуге болмайды. Бұған Жабирдің (Алла оған разы болсын): «Алла Елшісімен бірге Худайбияда бір түйені жеті адамның атынан, бір қарамалды жеті адамның атынан бауыздадық», – деп айтқан сөзі дәлел.

Алайда түйе мен қарамалды құрбандыққа шалуға біріккен кісілердің барлығының ниеті құрбандық құлшылығын өтеу мақсатында болуы керек. Егер олардың біреуі құрбандыққа тек ет алу ниетімен қосылса, барлығының құрбандығы құрбандық ретінде саналмайды. Ал құрбандық, қиран, таматтуғ, ақиқа, нәзір құрбандығын ниет етіп қосылуға болады. Бастысы бұлардың барлығының ниеті құлшылық мақсатында болуы шарт.

«Құрбандық пәтуалары» кітабынан

Пікірлер Кіру