Ораза ұстаудағы мақсат не?

09 наурыз 2023 4588 0
Оқу режимі

ораза не үшін парыз болған? Бай-кедей демей жылына бір ай ашығу мақсат па әлде мұның тарихи мағынасы бар ма? Есенбек.


Жауап

Алла Тағала Құран Кәрімде («Бақара» сүресі, 183-аятында): «Ей, иман келтіргендер! Тақуалықтан үміттерің болса, өздеріңнен бұрынғыларға ораза ұстау парыз етілгені сияқты, сендерге де ораза ұстау парыз етілді» деген. Ораза хижри жылының екінші жылында бізге парыз болған. Демек ораза тақуалық үшін. Сонымен қатар ораза ұстаған бай кісі ашыққан соң кедейдің жағдайын түсінеді де кедейлерге мейіріммен қарап көмектеседі. Тарихы Адам атадан   басталады. Адам  ата  Алла Тағаланың тиым салған жемісін  жеп күнәһар болды. Сол күнәсінен тазару үшін 30 күн күндіз-түні ораза ұстаған. Демек оразаны күнәлардан тазару үшін ұстаймыз. Алла Тағала Мұхаммедтің ﷺ үмметіне рахмет етіп ораза кезінде түнде тамақ ішуге рұқсат еткен.  

Пікірлер Кіру