Әйелден келетін сұйықтық дәретті бұза ма?

25 ақпан 2023 8215 0
Оқу режимі

Әйелден келетін сұйықтық дәретті бұза ма?


Жауап

Бұл жерде тек әйел кісінің әурет мүшесіндегі әрдайым болып, қалыпты болып саналатын дымқылдық жайында сөз қозғаймыз. Бұл ылғалдық екіге бөлінеді:

  1. Әйел кісінің әурет жерінің сыртында табылатын сұйықтық
  2. Әйел кіснің әурет жерінің ішкі жағында табылатын сұйықтық

Сыртқы дымқылдық мазһабымызда бір ауыздан таза деп табылып, дәретті бұзбайтыны айтылады. Себебі, бұл дымқылдық ауыз, мұрын құыстарының дамқылдығы сияқты қарастырылады[1].

Ішкі дымқылдық жайында ғалымдарымыз екі түрлі пікірге келген. Имам Абу Ханифа (р.а) таза дейтін болса, имам Абу Юсуф пен имам Мұхаммед нәжіс дейді[2]. Қалай болса да, бұл сұйықтық әурет жерінің ішінде болып сыртқа шықпаса, дәрет бұзылмайды. Ал іштен сыртқа шықса, бұзады.

 

Қорытынды:

Әйел баласының әурет жерінің сыртындағы дымқылдық – таза. Дәретті бұзбайды.

Әйел баласының әурет жерінің ішіндегі сұйықтық сыртқа шықса дәретті бұзады. Ал сыртқа шықпаса бұзбайды.

 

 

Дарханұлы Тамирлан

Астана қаласы бойынша

пәтуаға жауапты маман

 

[1] Хашияту Ибн Абидин, 1 том, 180 бет

[2] Хашияту Ибн Абидин, 2 том, 456 бет (Салих Фарфур)

Пікірлер Кіру