Харам ас жегеннің дұғасы қабыл болмай ма?

15 қараша 2022 5901 0
Оқу режимі

Ассалаумағалейкум уа рахматуллаһи уа баракатуһ! Сізге қояр бір сауалым бар еді, интернет парақшаларының бірінде «харам ас жегеннің дұғасы қабыл болмайды» дегенді оқыдым. Осыны растайтын аят немесе хадис бар ма? Индира


Жауап

Уа алейкум ассалам уа рахматуллаһи уа баракатуһ!

Сіз жолдаған сауалдың жауабы Әбу Һурайра (р.а.) риуаят еткен хадисте былай баян етіледі: «Алла елшісі (с.ғ.с.): «Уа, адамдар! Ақиқатында Алла Тағала таза және тек тазаны ғана қабыл етеді. Алла Тағала мұсылмандарға Елшілеріне әмір еткенді орындауды бұйырады. Алла Тағала: «Ей, Елшілер! Таза (адал) нәрселерден жеңдер және ізгі амал істеңдер...[1]», сонымен бірге «Ей, иман еткендер! Біз сендерге берген жақсы нәрселерден жеңдер...[2]», – деген. Адам ұзақ сапар шегіп, үсті басы шаң-тозаң болып екі қолын көкке көтеріп: «Раббым, Раббым», – дейді. Алайда, асы – харам, сусыны – харам, киімі – харам және хараммен азықтанған. Оның дұғасы қалайша қабыл болмақ?![3]».
Қорыта айтқанда, адал емес табыс – дұға-тілектің қабыл болмауының басты себептерінің бірі.

 


[1] Муминун сүресі, 51-аят
[2] Бақара сүресі, 172-аят
[3] Муслим

Автор: Muslim.kz порталы

Пікірлер Кіру