Құранды оқу және тыңдау үкімі қандай?

04 тамыз 2021 10356 0
Оқу режимі

Ассаламу алейкум! Мешітте «Құран оқу – сүннет, ал тыңдау – парыз» деп еді. Парыз болса, парыздың қай түріне жатады. Мүмкін болса, ғалымдардың дәлел-дәйектерімен айтсаңыз. Алдын ала рахмет. Ерлан Карибжанов


Жауап

Уа алейкум ассалам! 

Намаз оқитындай дәрежеде Құран жаттап алу – міндет. Демек, кем дегенде, Фатиха және бір сүре жаттау – уәжіп[1]. Ал, күнделікті Құран оқып жүру – мұстахаб амал[2].

Ал енді, жалпы Құранды тыңдау міндет. Өйткені, Құранның барлық аятында ғибрат бар. Сонымен қатар, Құран оқылғанда, зер салып тыңдау – парыз кифая[3].

Руслан Камбаров


[1] Абдулғани Ғұнайми, Лубәб, 71-бет
[2] Дуррул Мұхтар, 1/509
[3] У.Зуһайли, Ислам фиқһ энциклопедиясы, 2-том, 84-бет

 

 

Пікірлер Кіру