Сүрме жағу сүннет пе?

05 наурыз 2021 12774 0
Оқу режимі

Əссəлəму əлейкум! Сүрме жағу деген не жəне оны не үшін жағады? Асылжан


Жауап

Уа алейкум ассалам!

Сүрме жағу – ер кісі мен әйелге ортақ сүннет. Бұл жөнінде мынадай деректер бар: Ибн Аббас (р.а.): «Анығында, сендердің ең жақсы сүрмелерің – Исмид. Ол көз жанарын ашып, кірпікті өсіреді[1]», – деген хадис риуаят еткен.

Сонымен бірге, Ибн Омар (р.а.) жеткізген хадисте: «Сүрме жағыңдар, ол көз жанарын күшейтеді және кірпікті өсіреді[2]», – делінген.

Исмид – минералды элемент, кристал формалы, қалайы түсті. Қатты бірақ тек сынғыш тау тасы. Таза күйде болады[3].

Қолдану әдісіне қатысты Ибн Аббас (р.а.): «Алла Елшісінің (с.ғ.с.) сүрме ыдысы болатын. Жатар алдын әр көзіне үш рет жағып жататын[4]», – дейді.

Сүрменің пайдасы жайлы: «Сүрме көздің жанарын қайратты етеді. Сонымен бірге, кірпікті ұзын етеді[5]», – деп айтылған.

 


[1] Сунан кітаптары
[2] Ибн Мажа
[3] Муғжам Уасыт, 100-бет
[4] Тирмизи
[5] Жамиғ Усул фи ахадис расул, 3-бөлімі, 209-бет

Пікірлер Кіру